Қызмет көрсету бұрышы

  Байқоңыр қалалық сотының ғимаратында құқықтық қызмет көрсету бұрышы ашылды. Ашылу рәсіміне Ақай ауылдық округі мен Төретам кенті әкімдері, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы, адвокаттар, медиаторлар мен халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысты.

Алдағы уақытта мұнда тиісті мамандар күнделікті ақысыз қызмет көрсететін болады. Ал, сот қызметкері азаматтарға сотқа жүгінудің жолын, талаптарын түсіндіруге көмектеседі. Бұл сот құжаттарын беру механизмін жеңілдетіп, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдеуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2018 г. 915 0