Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама талқыланды

Кеше облыс әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Кездесуді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Ізкенов жүргізді.
Тыңдауда Ұлттық баяндаманың Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты, ұлттық және халықаралық деңгейдегі жемқорлықтың тарау жағдайы мен үрдісі, Қазақстандағы жемқорлықтың алдын алу шаралары жөнінде, жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қазақстандық қоғамның рөлі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңның даму үрдісі мен келешегі туралы ережелері талқыланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 ақпан 2018 г. 877 0