Әдеп жөніндегі уәкіл кездесу өткізді

Кеше Сырдария ауданы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Б.Өтегенова ауданға қарасты Аманкелді ауылындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес енгізілген әдеп жөніндегі уәкіл институтының басым бағыттары мен міндеттері жөнінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге ауылдық ардагерлер, Қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында әдеп жөніндегі уәкіл Б.Өтегенова Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуының алдын алуға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен бірге, алдағы уақытта қызметтiк әдеп нормаларының сақталуы қадағаланатынын жеткізді. Жаңа қызметтің міндеттері туралы ауыл тұрғындарына жан-жақты баяндап, қатысушылардың пікірлерін тыңдады. Жиын соңында әдеп жөніндегі уәкіл Б.Өтегенова БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 ақпан 2018 г. 584 0