
Қазақстандықтардың жалақыларының сатып алу қабілеті үшінші жыл қатарынан төмендеп жатыр. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2 пайызға төмендеген. Бұл туралы Energyprom.kz бақылау агенттігінің зерттеуінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зерттеудегі мәліметтерге қарағанда, былтыр соңғы үш айда қаржы, сақтандыру, ғылыми, техникалық және IT салалардың қызметкерлері ғана жоғары жалақы алып отырған. Сондай-ақ, сарапшылардың мәліметінше, әрбір жұмыс істейтін қазақстандықтың орташа жалақысы былтырғы көрсеткіш бойынша орта есеппен - 163,7 мың теңге. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 пайызға артық екен.