KASE: Доллар бағамы төмендеді

Сейсенбі күнгі таңертеңгілік сессия бойынша АҚШ долларына шаққандағы теңгенің орташа бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 долларға 324,73 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Дүйсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 3,24 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 323,94 теңге, ал ең жоғарысы  325 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 192,9 млн долларға жетті. Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 327,97 теңге, күндізгі сессияда - 326,27 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 326,7 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 121,55 млн долларды құраған.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2018 г. 758 0