Қазалыда дарияда 11 қауіпті тұс бар

Қазалыда дарияда 11 қауіпті тұс барСырдария өзенінің Қазалы ауданы аумағынан 220 шақырымы кесіп өтеді. Осы аралықта мұз кептелеп, қауіп тудыратын 11 учаске бар. 
Осаған орай, аудан аумағынан суды қауіпсіз өткізуге байланысты арнайы штаб құрылып, жұмыс жүргізіп келеді. Олардың мәліметіне сүйенсек, бүгінде 19 мың қап, 2000 бау қамыс, 500 дана бөрене, 3 тонна сым секілді тағы басқа қажетті құралдар дайын тұр. Егер, төтенше жағдай орын алса, 30 жасақ, 230 адам, түрлі 74 дана техника жұмылдырылады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 наурыз 2014 г. 722 0