Шиелі. Ауданның Бестам ауылында "Ұлы жеңістің 69 жылдығына - 69 күн қалды" атты марафон ұйымдастырылды.
Ауыл әкімдігінің және №205 қазақ орта мектебінің қолдауымен жастарға патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортшылардың шеберлігін шыңдау мақсатында өткен шараға 50-ге тарта жас қатысып, өз күштерін сынады. Шара соңында ұзындығы 3 шақырымға жүгірген жастардың арасында алғашқы болып келген жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді.