Әскери қызметтің қыр-сырына қанықты

Әскери қызметтің қыр-сырына қанықты Қармақшы. Аудан орталығындағы мектептерде Алматы қаласынан арнайы келген Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi Шекара әскери қызметiнiң бiр топ өкiлдерi жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткiздi. 
Жиында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауiпсiздiк Комитетi Шекара әскери қызметiнiң өкiлi, 2019 әскери кадрлық бөлiмiнiң бөлiмше бастығы, майор Бақытжан Құлахметов сөз сөйлеп, әскери шекара мамандығының қыры мен сырын түсiндiрдi. Оқу құралдары, азық-түлiк, киiм-кешек түрлерi, жазғы, қысқы демалыс кездерiнде курсанттарға жол-пұл да мемлекет есебiнен төленедi. ҚР ҰҚК Шекара қызметiнiң Академиясы көпсалалы офицер кадрлар дайындайды.
Жиында аудандық қорғаныс бөлiмiнiң бастығы, майор Нұрдәулет Бердiбеков басқа да Қорғаныс министрлiгiнiң жоғары әскери оқу орындары жөнiнде мағлұматтар берiп, жоғары сынып оқушыларын әскери сала маманы болуға шақырды. Кездесулерге аудандық "Ауған және аймақтық соғыс ардагерлерi" қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Асқар Ерманов және мектеп басшыларының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары, аудан мектептерiнiң алғашқы әскери дайындық пәнi оқытушылары қатысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 наурыз 2014 г. 881 0