« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жас ғалымдары робот ит құрастырды,-деп хабарлайды "Хабар-24.kz" телеарнасы.
Төрт аяғын тең басқан робот елімізде алғаш рет құрастырылып отыр. Көбіне мұндай құлтемірлер дөңгелек арқылы сырғиды екен. Жас ғалымдар бұл дүниесін «Ақтөс» деп атапты. Әзірге робот итке тән қимылдарды жасай алады. Енді арнайы оның иісті, жарықты, дыбысты, температура мен адамдардың түр-келбетін ажырату секілді мүмкіндіктерін арттыру көзделіп отыр.
– Бұл жерде біз студентке роботтың не екенін, қайдан шыққанын, қалай жасалатынын барлығын үтір-нүктесіне дейін көрсеттік. Бұл жерде 3D принтерді келістіре отырып, бірге жұмыс жасап, Ақтөс роботын жасап шығардық.
– Алдағы уақытты негізгі бағыттардың бірі болып, осы мектеп бітірушілерімізді IT мамандардықтарына бағыттау болып саналады. Өз кезегінде осы ағымдағы жылдың қаңтар айында Татарстан Республикасының Иннополис институтында 20 маманды дайындауға келісім жасалып отыр.
Жалпы бүгінде өңірге қажетті мамандықтар бойынша 452 қызылордалық түлек Ресей Федерациясының гранты негізінде білім алуда. Олар алдағы уақытта Сыр өңірінде іске қосылатын шыны зауыты мен Шалқия кеніші секілді өндіріс орындарында қызмет істейді.Айта кетейік, өткен жылы мектеп бітірген өңір түлектерінің 97 пайызы оқу орындарына түскен. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Қызылорда облысы ел өңірлері арасында 5 орынға көтерілді.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |