Қазалы. Ауданда Ауған соғысында қаза болған жерлестірімізге тағзым ету үшін арнайы ескерткіш-белгі орнатылған. Өткен жылы Ауған соғысы ардагерлерінің әрбіріне 51930 теңгеден әлеуметтік көмек берілсе, 6 адам шипажайларда демалып қайтты.
Бұл соғысқа 67 қазалылық қатысқан. Олардың екеуі сол соғыстан оралмаған. Үш интернационалист жауынгерді аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ, қазіргі күні Қазалыда тұратын 31 жауынгерге мерекелік медаль тапсырылды.