« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасы қоржыны тағы да құнды кітаптармен толықты. Жақында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері, мемлекеттік сыйлық иегері Еділ Ерғожин өзінің құнды ғылыми еңбектерін, монографиялары мен оқулықтарын сыйға тартты.
Академиктер Б.Жұбанов, Қ.Піралиевтердің редакторлығымен жарық көрген 2 томдық еңбекте ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым Еділ Ерғожиннің өмірі мен қызметі, кәсіби жетістіктері мен 1964 жылдан бастап жарияланған очерктері мен мақаларалы жинақталған. Сыйға тарту етілген кітаптар бейорганикалық және органикалық заттардың химиялық технологиясы, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, мұнай-газ химиясы, гидрометаллургия, қоршаған ортаны қорғау салаларында жұмыс жасайтын қызметкерлерге, оқытушылар мен студенттер таптырмас құнды еңбектер болды. Жастардың жарқын болашағы мен игілігі үшін ұлт руханиятының асыл қазынасындай шығармаларын тарту еткен ғалымға университет ұжымы алғысын білдірді.
Жансая ҚЫДЫРБАЙ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 4-курс студенті
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |