Шиелі. Аудандағы Бала би ауылының тұрғыны Зейнеп Сабаева «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының шарапатын көруде.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы бағдарламаның нәтижесімен бүгінде ол жеке кәсіпкер атанып "Жадыра" балабақшасын ашты. Ауылда жұмыссыз жүрген 12 азаматты жұмыспен қамтып отырған балабақшада бүгінде 50 бала тәрбие алуда.
"50 орындық балабақшада бүгінде бүлдіршіндер толық және жас ерекшеліктеріне қарай 3 топта тәрбиеленуде. Өзімнен бөлек 3 тәрбиеші, 1 аяжан, 7 кіші қызметкер жұмыс жасап, бала шағамызды асырап отырмыз" - деді балабақша меңгеушісі Жұпаркүл Полатова