« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов Сыр еліне келіп, кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті. Онда еңбек ресурстарының сапасын арттыру және жуырда қабылданған жаңа құжатты таныстырды.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік саясаттың азаматтарды толығымен экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Осыған орай, еңбек қатынастарының үш тарабы – Үкімет, жұмыс берушілер және жұмысшылар өкілдері «әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу» жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысында бас келісімге қол қойды. Жаңа құжат 2018-2020 жылдарға арналған.
Біржан Бидайбекұлының айтуынша, бас келісімнің ерекшелігі – Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы және «Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» атты ірі бағдарламалық құжаттардың негізгі бағыт-бағдарларының ескерілуінде болып отыр.
– Әрине әлеуметтік әріптестіктің бір жағында кәсіподақтар ұйымының тұрғаны мәлім, – деді төраға орынбасары. – Бұл құжат билік пен жұмыс берушілерді ашық диалогқа, еңбек қатынастары мен әлеуметтік саладағы күрделі де маңызды мәселелерді бірлесе шешуге дайын екенін көрсетеді. Негізгі бағыттарға тоқталар болсақ, бірінші – экономиканы жаңғырту. Қазір әлемде төртінші өнеркәсіптік революцияның трендтері мен жаңа мүмкіндіктері айтылуда. Бірақ, жаңа қауіп-қатерлер де бар екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, цифрлы экономикаға көшу, өндірістік процестерді автоматтандыру еңбек нарығына міндетті түрде әсер етеді. Бұл жұмыс орындарының қысқаруына алып келуі ықтимал. Осы тұрғыда алдын ала атқарылуы тиісті шаралар бас келісімде көрсетілді. Яғни, бұл келісім жұмыстан босап қалуы мүмкін жандардың мемлекет пен жұмыс берушілер назарынан тыс қалмайтынына кепілдік береді. Бұл ретте кәсіподақтар ұйымдары, жұмыс орындары босауы ықтимал ірі кәсіпорындардың тізбесі мен қысқаруы мүмкін адамдардың санын белгілейміз. Олардың әрі қарайғы тағдыры мен табысына қатысты жергілікті атқарушы билікпен және кәсіпорын басшыларымен бірге жол карталарын жасақтаймыз. Онда азаматтарды басқа өндіріс орнына жіберу, иә болмаса сұранысқа ие мамандықтарға оқытып, жұмысқа орналасуына ықпал ету көзделеді. Екіншіден, Төртінші өнеркәсіптік революция жоғары білікті мамандарды қажет етеді. Қазір елімізде жаңа технологияларды жетік білетіндерді ұйымдастыру, білім, цифрлы жүйеге жетік мамандарды әзірлеуге бетбұрыс жасалып жатыр. Осы бағытта көптеген іс-шаралар атқарылуда.
Жиында бұдан өзге адами капиталды дамыту, кәсіптік стандарттарды әзірлеу, еңбек нарығында бейресми жұмыспен қамтылғандар жайы айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
«Сыр бойы».
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |