« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жалағаш ауданында шығын және орта кәсіп ашқан тұрғын саны бір жыл ішінде айтарлықтай артты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ауданның кәсіпкерлік саласында 1131 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, бюджетке 103 млн. теңге салық түсті. Бүгінде 2373 шағын кәсіпкерлік субъекті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 208 субъектіге артық.
2015 жылы ауданда кіші кәсіпкерліктің баяу дамуын ескере отырып, облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен «Жалағаш ауданының экономика салаларын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілді.
Жол картасы аясында іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі жеке кәсіпкер Б.Ұзақовтың «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойындағы «С» санатты кешен құрылысына 250 млн. теңге (115 млн. теңге кредит) жұмсалып, пайдалануға берілді. Жоба бойынша 25 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2017 жылы жалпы құны 1 млрд. 408,4 млн. теңгені құрайтын 174 жоба қаржыландырылды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |