Жаттығу жұмысы жүргізілді

    Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті 169/5 түзеу мекемесінде профилактикалық алдын алу есебінде тұрған жаза мерзімін өтеушілерге арнап психологиялық-моральдық депрессиядан арылту мақсатында «Майнд» машинасын қолдану арқылы психопрофилактикалық жаттығу жұмысы жүргізілді.

  Шараны сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу бөлімінің аға инспекторы, психолог А.Жүсіпбеков пен бөлім маманы, психолог Ш.Көлбаева ұйымдастырды. Қатысушылардың агрессиясын анықтау мақсатында тест сұрақтарына жауап алынып, жаза мерзімін өтеушілердің өзін-өзі ұстауы мен өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында ашық пікір алысып, тренинг жаттығу жұмыстарын өткізді.

 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2018 г. 963 0