ЖЫР КЕШІ ӨТТІ

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі, филология ғылымының докторы, жерлесіміз Әбілдә Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Жұлдызы биік жыр - жаһан» атты жыр кеші өтті.

Тағылымды шара Ә.Тәжібаев туралы деректі фильмнен бастау алды.

Кешке «Qyzylorda» телеарнасының қызметкері, ақын Толқын Қабылша, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының оқытушысы Серікхан Жүзеев қатысып, Ә.Тәжібаев туралы естеліктер айтып, жырдан шашу шашты. Ал «Жауқазын – ғұмыр» клубының мүшелері М.Маратқызы, Г.Мұқашева, М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің студенті Б.Назар ақынға арнау шығарып, өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, қатысушылар ақынға арналған ерекше үлгідегі көрме – экспозицины аралап,  ақынның өзі пайдаланған, өзі тұтынған дүниелері, жазған хаттары, оқырмандар әлі де таныспаған фото-суреттерін тамашалды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2018 г. 806 0