БАЛА – БОЛАШАҒЫМЫЗ

Қалалық білім бөліміне қарасты «Бегім ана» балабақшасында «Баланың сөйлеу қабілетін дамытатын халықтық педагогика» тақырыбында шара өтті. Оған қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлзия Опабекова қатысып, елімізде балабақша мәселесіне, ел болашағы – балаларымыздың білім алу деңгейіне ерекше назар аударылып жатқанын тілге тиек етті.

– Өскелең ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу – өзекті мәселенің бірі. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Елбасы Жолдауында ол басты назарға алынған. Сіздердің де салада атқарып отырған еңбектеріңіз орасан. Балалардың ана тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруына бар күштеріңізді салып келесіздер, – деді Г.Опабекова.

Тәрбиеші Әсел Бекжанова балалармен бірге топтық тапсырмалар орындады. Бүлдіршіндер шығармашылық қабілетін көрсетіп, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2018 г. 665 0