Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ескерту жарияланды
Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сәйкес, 5 ақпан күні Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кейбір жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтауда 5 ақпан күні оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа артуы ықтимал. 5-7 ақпан күндері Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басады.