Сурет салу сайысы өтті

Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы туралы мағлұмат беру, болашақ ұрпақ тәрбиесінде балалардың бойына жастайынан жақсы қасиеттерді қалыптастырушы тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұжымдаса жұмыс жасауға, бірлікке шақыру. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Сүйікті қалам Қызылордама – 200 жыл!» тақырыбында «Алтын ұя» балабақшасында педагог-тәрбиешілердің қатысуымен сурет салу сайысы өтті.
Қызылорда қаласы - тарихы бай, өндірісі өркендеген, өткен ғасыр басында ұлт зиялылары қызмет еткен рухани Орда. Сан ғасырлық тарихы бар Қызылорда қаласының бейнесінде терең саяси, рухани мән жатыр. Бұл тек жарқын заманауи облыс орталығы ғана емес. Бұл біздің еліміздің Астанасы болған, әрі тоғыз жолдың торабында орналасқан көркем шаһар.
Қатысушылар «Сыр сұлулары», «Қорқыт» тобы және «Болашақ» тобы болып бөлінді. Педагогтар туған қаламыздың тарихынан біраз мәліметтер келтірді. Өз өнерлерін көрсетті. Ақын қыздар өз туындыларын арнады. Сурет салуда өз шығармашылықтарын көрсетіп, арнайы «Дипломдармен» марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2018 г. 1 366 0