Кедергісіз келешек

Партияның «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобалары аясында тұрмысы төмен отбасыларының жағдайын зерттеу мақсатында рейд жүргізілді.
Шиелі ауданы бойынша 2017-2018 оқу жылдары есебінде  үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі 155 оқушы бар. Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен үйден оқытылатын жасөспірімдер мен отбасы жағдайы төмен көпбалалы отбасында болды. Кездесу барысында 4-сынып оқушысы Данагүл Оразханова мен 2-сынып оқушысы Думан Алтайұлына қажетті құралдары берілді. Алдағы уақытта тұрмысы төмен отбасының қажеттіліктерін анықтап, шешілу жолдарын қарастыру көзделді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 ақпан 2018 г. 785 0