« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Ұлттық банк алтын валюта резерві қорындағы бағалы металл көлемін шетінен арттырып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Дүниежүзілік алтын қоры кеңесінің мәліметінше, алтын валюта резерві қорындағы құнды металлдың көлемі алғаш рет 2018 жылдың 1 ақпанында 301 тоннадан асты.
2017 жылдың 1 желтоқсанындағы бұл көрсеткіш – 291,9 тонна. 2016 жылы Ұлттық банктің алтын қоры 258,1 тонна болды. Алтын қоры бойынша Қазақстан 100 мемлекеттің ішінде 18-орында тұр.
Жоғарыда аталған тізімде бірінші орынға АҚШ жайғасқан. Аталған мемлекеттегі алтынның қоры - 8 133,5 тонна. Көрші Ресей 1 838,8 тоннамен 7-орынға жайғасты. Қытайдың алтын қоры Ресейден асып түсті. Аспан асты еліндегі алтынның қоры – 1 842,6 тонна.
Бүгін Данияр Ақышев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі кезінде 2017 жылы алтын қорының резерві 30,7 млрд долларды құрағанын айтты. Оның бағалауынша, биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай жақсарған. Банк резервтері 3% өсіп, 31,7 млрд долларды құрады. Ұлттық банктің шетелдік валютадағы активтері 58,3 млрд доллар болды.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |