
Соңғы жылдары Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алып, халықты баспанамен қамту көрсеткіші еселеп артты. Бұл туралы бүгін қала әкімінің есепті кездесуінде хабарлады.
Соңғы 5 жыл көлемінде қаламызда жаңадан 12 шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңға жуық жерлестеріміз жаңа пәтерге ие болды.
Былтырғы жылы қаламызда 230 мың шаршы метр болатын 2 мың 971 пәтерлік 61 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілді.
Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 33 млрд. 142 млн. теңгеге жетті.
Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының 43,8 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 20 мыңға жуық жерлестеріміз жұмыспен қамтылды.