« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жуырда «Қиырдағы қазақтар» фильмiнiң кезектi сериясы жарыққа шығады. Аталған туынды Моңғолиядағы қандастардың өмiрiне арналмақ. Фильмнiң тұсаукесерi 13 ақпанда өтедi. Бұл туралы «Qazkontent» АҚ құрамындағы «E-history» порталының жетекшiсi Олжас Беркiнбаев ОКҚ брифингi барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.
Портал жетекшiсi «Қиырдағы қазақтар» фильмi туралы баяндап бердi. Оның айтуынша, «Қиырдағы қазақтар» - шетелдегi қазақтардың күнделiктi тұрмысын баяндайтын 8 сериялық деректi фильм. Жақында осы фильмнiң «Алыс та жақын Астрахань» атты жаңа сериясы шыққан болатын, ендi Моңғолиядағы қазақтар туралы серия жарыққа шығады. Туындының тұсаукесерi 13 ақпанда «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығының Chaplin кинотеатрында кешкi сағат 19.00-де өтедi.
«Одан кейiн көршi елдер - Өзбекстан мен Тәжiкстанда түсiрiлiм жұмыстарын жүргiздiк. Қазiр фильмдер дайын. Оқырмандар назарына ұсынылып отыр. Бiз көптеген шақырым жол жүрiп, алыстағы ағайындардың тұрмыс-тiршiлiгiмен таныстық. Оларға бiздiң елдегi жаңалықтарды жеткiзiп, алыстағы ағайынмен екi арадағы дәнекер болуға тырыстық. Алдағы уақытта компания басшылығы мен министрлiк тарапынан бұл жоба жалғасады деп күтiлуде», - дедi Олжас Беркiнбаев.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |