Адам тәрізді душқа түскен егеуқұйрық ғаламтор жұлдызына айналды (бейне)

Ғаламторда Перуде түсірілген ерекше бейнеролик пайда болды. Мұнда егеуқұйрықтың ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаның ішінде екі аяққа тұрып, душқа түсіп жатқан сәті бейнеленген.
Бұл қызықты ролик YouTube желісінде 29 қаңтар күні жарияланған. Кездейсоқ түсірілімнің авторы мен ғаламтор қолданушыларын хайуанның адам сияқты жуынғаны таңғалдырған. Бейнероликтен ұқыпты жануардың адам тәрізді сабынданып, қолтық, қарын, табаны мен арқасын ысып, басын да жуып тұрғанын көруге болады.
«Өмірімде мұндайды көрмедім... Егеуқұйрық 30 секундтай сабынданып жуынды да қашып кетті. Меніңше, оның жақсылап тазаланғысы келді-ау», – дейді кеміргіштің үстінен түскен 36 жастағы диджей. Бүгінге таңға дейін аталған видеоны 1 миллиондай адам көрген.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2018 г. 786 0