Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығы қосылады

Бұл туралы кеше Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев халық алдындағы қорытынды есептік кездесуінде мәлімдеді.
Бүгінгі күні ауданда 5 жаңа қоныстану аймағы игерілу үстінде. Өткен жылы Әйтеке би кенті-Басықара автожолы бағытынан 200 адамға жер берілді.
Қазіргі таңда аудан орталығы мен Қазалы қаласындағы жаңа жер учаскелеріне жол салу, электрмен жабдықтау, ауыз сумен қамту, газ жүргізу жұмыстары жүруде. Осы жұмыстардың нәтижесінде алдағы уақытта 3 мыңға жуық адам тұрғын үй салу үшін жер алатын болады. Алда кент пен қала қосылып, үлкен орталыққа айналмақ.






ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2018 г. 713 0