
1 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батыс аймақтарына фронталды бөліктер жылжиды, кей жерлерінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 24-29 м/с-ге жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады, Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.
Атырау облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.