СПОРТ АЛАҢДАРЫ ЖАҢАЛАНУДА

Өткен жылы тұрақты түрде спортпен шұғылданушықазалылықтардың саны 27150 адамға жетіп, 27 пайызды құрады.

Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 45 млн. теңгеге Қазалы қаласынан жүгіру жолы бар футбол алаңы мен 300 орындық трибуна құрылысы салынды. Жанқожа батыр ауылынан спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Ал биылға спорт саласында жоспарланған жұмыстарды атқару үшінбюджеттен 69 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Ақсуат ауылы мен Қазалы қаласынан спорт алаңын салуға 13,6 млн. теңге, Әйтеке би кентінен 2 спорт алаңы құрылысының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 4,4 млн. теңге қаралып отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қаңтар 2018 г. 502 0