« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Биыл еліміздегі жасы 58-ге толған 100 мың әйелдің жартысы зейнетке шыға алмайды. Бұған себеп - жаңа жылдан бастап күшіне енген зейнет жасын кезең-кезеңімен ұзарту заңы деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Заңға сәйкес, енді зейнетке 58 емес, 58 жарым жасқа толған нәзік жандар ғана шығады.
Мәселен, зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі. Бұрын егде жасқа келгендер бір жылдық төлемді бірден алып кете алатын, немесе 3 айдың ақшасын қосып алуға мүмкіндік болды.
Ал енді ондай таңдау жоқ. Яғни, зейнеткерлердің жинаған ақшалары өздеріне тек ай сайын беріліп отырады. Қор қызметкерлері мұндай тәртіпті тиімді деп есептейді.
"Ай сайын алып отырады және оған инвестициялық табыс қосылып отырады. Сонда меніңше бұл әдіс зейнеткерлерге тиімді деп ойлаймын", - дейді «БЖЗҚ» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Қадыржан Забих.
Сондай-ақ, қаңтардан бастап зейнет жасы кезең-кезеңімен ұзартыла бастады. Бұдан былай, әйелдердің зейнетке шығу жасына жыл сайын жарты жас қосылып отырады. Тек 2027 жылы, яғни ерлердікіне теңескенде ғана тоқтамақ.
Дегенмен тығырықтан шығар бір жол бар. Ол зейнет жасына жетпей, қордағы жинақтарды пайдалану мүмкіндігін беретін зейнетақы аннуитеті. Оны азаматтар 50-55 жастан бастап ала алады. Тек ол үшін әйелдердің қордағы жинағы кем дегенде 12 миллион, ерлердікі 9 миллион теңге болуы тиіс.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |