Жаңақорғанда дария бойында 5 қауіпті аймақ бар

Жаңақорғанда дария бойында 5 қауіпті аймақ барЖаңақорған. Ауданда дарияда сең жүруіне байланысты сақтық шараларына мән берліп отыр. Бұл бағытта тиісті іс-шаралар қолға алына бастады. 
«Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне секундына 1000 текше метр, Арыс өзені мен сай- саладан 50 текшеметр су жіберілуде»,- дейді су мамандары. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның 500 текшеметрі суы Көксарай су қоймасына құйылса, қалған 550 текше метр су дариямен ағып өтуде. 
Аудан аумағындағы дария ұзындығы 240 шақырымды (ОҚО шекарасынан көрші Шиелі ауданының шекарасына дейін) шақырымды құрайды. Қазірде осының 80 пайыздан астамы мұз құрсауында екен. Дария суы мөлшерден тыс көтеріліп, сең жүріп, мұз кептелісі қаупі туындаған жағдайда ауданның 5 аймағына (Көктөбе, Қожакент, Байкенже, Төменарық ауылдары мен Жаңақорған кентінің батыс жақ беткейі) қауіп төнетін болады. Себебі, мұздың қалыңдығы Көктөбе ауылы тұсында 20 см, Төменарық ауылы тұсында 30 см, ал дария суының температурасы -0С. Бүгінде аталған су басу қаупі бар 5 аймақтағы 42 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттерінің техникалық жай-күйі үнемі бақылауда тұрса, Төменарық ауылдық округіндегі 2,2 шақырымына нығайту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыстық ТЖ департаментінің құтқару тобы дария аумағына мониторинг жасауда. Мамандардың мәлімдеуінше, Шардара су қоймасынан жіберілген су біздің территориямызға кешеден бастап кіріп, су деңгейі 18 см-ге көтерілген. Күн райының жылынуы дариядағы мұз қалыңдығының жұқаруына әсер етіп, мұз орнында еріп кетуге жеткен жағдайда аса қауіп тудырмайды деп болжам айтуда мамандар.
    





     





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2014 г. 1 223 0