Заңнамаға өзгерістер енгізілді

2018 жылдың 9 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің кейбір баптарына біраз өзгертулер енгізіліп, салынатын айыппұлдардың мөлшері де азайтылғаны белгілі. 

Оның ішінде тоқтала кетсек, Кодексте айыппұл көлемі жоғары баптардың бірі – 592 бап, яғни белгіленген жылдамдықты асырып автокөлік басқару. Егер бұрын осы баптың 1-бөлігі бойынша (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырғаны үшін) 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (АЕК) айыппұл салынса, жаңа Заңға сәйкес бұл айыппұл 5 АЕК–ге дейін төмендетілген. 2018 жылға 1 АЕК – 2405 теңге болып белгіленген. Сонымен қатар, осы баптың 2, 3, 4-баптары бойынша салынатын айыппұл мөлшері де, яғни жылдамдықты жиырмадан қырыққа, қырықтан астам және бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін салынатын айыппұлдар 15-тен – 10 АЕК, 30-дан – 20 АЕК-ке дейін төмендетілген.

Жалпы жол көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін құқық бұзушылықтардың бірі ол – Кодекстің 592-бабы. Ал жаңа Заң күшіне енгеннен бері осы бап бойынша салынған 2 млн 627 мың теңгенің 793 мың 650 теңгесін құқық бұзушылықтар өз еркімен төлеген.

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қаңтар 2018 г. 802 0