« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес қаңтар айының 17-23 күндері аралығында департаменттің Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Б.Бисен мен Арнайы даярлық басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Д.Сейтов бастаған ақпараттық-насихаттық барлық аудандық ішкі істер бөлімдері мен ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде болып, жолдаудан туындаған міндеттерді түсіндірді. Аталмыш іс-сапар барысында жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар қызметкерлердің дене шынықтыру даярлықтарын тексерілді.
Іссапар барысында барлық аудандық бөлімдердің және Өкілдіктің жеке құрамына ҚР ІІМ-нен келіп түскен нұсқаулар мен шолулар, сонымен қатар 2017 жылдың 12 айында полиция қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық сипатындағы және басқа да қылмыстар бойынша шолуы мен осы жылдың басынан бері орын алған қылмыстар таныстырылып, жеткізілді.
Сонымен қатар 2017 жылы облыс бойынша мемлекеттік қызметкерлермен, оның ішінде полиция қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар бойынша бейнеролик көрсетілді.
Бұған қоса Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының Қазақстан халқына жолдауы жеке құрамға толығымен жеткізіліп, алдағы уақытта қызметтік даярлық сабағында қосымша сабақ өткізу тапсырылды.
Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |