
Күн суытуна байланысты Еларай қоғамдық қоры бүгіннен (29 қаңтар) бастап, қала тұрғындарын тегін көлікпен тасымалдайды.
Көлік күніне 2 рет: таңғы 8:00-де, кешкі 17:00-19:00-де жүреді. Көлікті сыртында бейнеленген Еларайдың логотипі арқылы біле аласыз.
Маршрут таңертең Əл-Фараби – Жаңқожа батыр – Кенесары – Торайғыров – КБИ – Жаппасбай батыр – Қорқыт атамен Айтбай мешіті арқылы Ескі базарға барады. Əрі қарай Журба – Саламатов – Титов – Гагаринге барады. Кешке осы жолмен кері қайтады.