
Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет және Ақжар ауылдарында концерт қойып қайтты.
Аталған шара ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында және 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бағытында ұйымдастырылды. Концертте оркестрге Күлдәрі Избанова дирижерлік етсе, оркестр солистері Мақсат Мақұлбеков, Сымбат Тасбергенова, жыраулар «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері Руслан Ахметов, Әділхан Қуанбаев, Марат Сүгірбай, Зульфия Баймырза және Мұхамедәлі Бекпейісовтер өнер көрсетіп қармақшылықтардың ыстық ықыласына бөленді.