Былтыр Қызылорда облысы 85 мың тонна күріш экспорттады
Өткен жылы Қызылорда облысында 84,6 мың тонна күріш сырт елдерге экспортталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күріш экспорты 2016 жылмен салыстырғанда 61,1 пайызға, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 60 пайызға артты.
Атап өтер жайт, соңғы төрт жыл бойы Сыр диқандары күріштен рекордтық өнім алды. Ал былтыр 91 мың гектар күріштен тұңғыш рет облыс тарихында жарты миллион тоннадан астам күріш қамбаға құйылды.