Партияның Қызылорда қалалық филиалы ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауын талқылау және партиялық жаңғырудың нақты жоспарын жүзеге асыру бойынша бастауыш партия ұйымы төрағаларының кездесуі өтті. Шара барысында филиал төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асырудағы партия жұмысын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды.