Партияның Шиелі аудандық филиалына қарасты «Мәдениет үйі» БПҰ Ш.Уәлиханов атындағы №127 орта мектеп-лицейінде Елбасы Жолдауын насихаттау және халыққа түсіндіру мақсатында семинар өткізді. Жиын барысында мектеп-лицей директорының орынбасары, ұйым хатшысы А.Асанұлы Жолдау төңірегіндегі ойларымен бөлісті. Онда «Цифрлық Қазақстан», адами капиталды арттыру мәселелері жөнінде әңгіме өрбітті. Күн, жел энергияларының маңыздылығына тоқталды.