БАҚЫЛАУ БОСАҢСЫМАЙДЫ

Облыстық көліктік бақы­лау инспекция­сының ұсыны­мына орай, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Онда көліктік бақылау органдары құзырындағы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтырулар тасымалдаушыларға түсіндірілді.

– Жаңа өзгерістер ҚР заңдылықтарын жоғары сатыға көтеруге, әкімшілік жауапкершілікті ізгілендіру және заңдар қайшылығын алып тастауға бағытталған, – деді инспекция басшысы Е.Жолдасов.

Мәжілісте инспекцияның бөлім бас­шы­лары баяндама жасады. Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Н.Байболов ел экономикасының қарқынды және тиімді дамуында, автомобиль жол­­дары маңызды роль атқаратынын баяндады.

– Өткен жылы көлік заңнамасының та­лап­тарын сақтамаған 1800-ге жуық құ­қықбұзушылық әкімшілік жауап­кер­­шілікке тартылып, 68 млн теңге айып­пұл өндірілді. Анықталған құқық­бұзушылықтардың үштен бірі тасы­мал­даушылардың белгіленген салмақтық пара­метрлерді сақтамауы болып отыр, – деді ол.

– Өткен жылы теміржол көлігі саласы бойынша 102 әкімшілік іс қозғалып, 251788 теңге айыппұл салын­ды. Соны­мен қатар, 2017 жылы 17 шаруа­шылық кәсіпорындары тексеруден өтті. Нәтижесінде бірнеше мекемелердің кірме жолдарын пайдалану уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ-ға тиесілі 12 бағыттамалы бұрманың және 5 станциялық жолдарын пайдалануы тоқтатылды. Осыған орай, заңды тұлғалардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру кезінде жолаушылар пойыздарында 204 билетсіз жолаушы анықталды. Соны­мен қатар, авариялық шығу есіктерінің болмауы, купе вагондарында ауа желдеткіштерінің істен шығуы секілді техникалық ақаулар ашылған, – деді инспекцияның теміржол көлігі бөлімінің басшысы С.Торғай өз сөзінде.

Инспекция міндеттерінің бірі – су көлігіндегі шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдалануын қадағалау. Бұл ретте заңнаманы сақтамағандар саны өскен. Мәселен, 2015 жылы 57, 2016 жылы – 147, ал 2017 жылы 158 жағдай тіркел­ген. Негізгі заңбұзушылық – кеменің тіркеу­ге алынбауы, кеменің құжаттарының бол­мауы және құтқару құралдарын пайдаланбауы.

– Инспекцияға қазіргі таңда 1087 кеме тіркелген. Оның 215-і өздігінен жүзбейтін және 868 өздігінен жүзетін шағын көлемді және 4 «өзен-теңіз» кемелері. Енді, Кодекстегі 582-бап 5 бөлікпен толықтырылып, «Шағын көлемді кемеде немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралында жеке құтқару құралдарын кимеген және түймелеп алмаған адамдары бар шағын көлемді кемені басқару» талабы бойынша тәртіп бұзған жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қаралып отыр. Бұған дейін бұл айыппұл бір айлық есептік көрсеткіш болған. Айыппұл мөлшерінің көбеюі адам өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етумен байланысты, – деді су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы М.Ахметов.

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 қаңтар 2018 г. 460 0