Елбасы жолдауы талқыланды

Бүгін Қызылорда облысының Әділет департаментінің мәжіліс залында Елбасының «Төртінші өнеркәсіпік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауы талқыланып, түсіндірмелі кездесу өтті.
Басқосуға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, жеке сот орындаушылар мен департамент қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Агенттіктің қызметкері М.Искаков Жолдаудың тоғызыншы бағытында аталып өтілген жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы баяндама оқып, түсіндірмелер берді. Сондай-ақ, департаменттің бөлім басшысы Е.Тажикенов Қазақстан халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығына ерекше тоқталды. Департамент басшысы Қ.Сапаров Президенттің Жолдауында айтылған негізгі бағыттар мен мәселелер бойынша алда тұрған міндеттерді жүзеге асыруға шақырып, іс-шараны қорытындылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2018 г. 561 0