
26 қаңтар күні антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман мен жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні 30 м/с артуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, желдің күші 18 м/с артады, Мугоджар ауданында оның екпіні 23-28 м/с жетпек. Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі, Жамбыл облысында желдің жылдамдығы 23 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.
Үскірік аяз сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында күтіледі. Ақмола, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде де ауа температурасы күрт төмендейді.