25 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болады

«Қазгидромет» РМК 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыстың, солтүстіктің кей жерлерінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.  Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте қатты аяз болатындығы болжануда.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2018 г. 524 0