Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,53 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 70,53 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 1,14 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 65,61 доллар болды.