Өмірдің сынағына өнерімен қарсы тұрған

Жаңақорған ауданы,  Қожакент ауылында талантты жас  Қуаныш Башаровтың  «Жалғыз жапырақ» атты ән кеші өтті.  Кеште ауыл әкімі Асылбек Айтжанов   өнерлі жанды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен бірге өткен жылы  Қожакент  ауылының 50 жылдығына орай шығарылған  «Құтты қоныс  Қожакент» атты кітапты тарту етті. 

Туғанынан арбаға таңылған Қуаныш Башаров – өнерлі жан. Өмірдің сынағына мойымай қарсы тұрды.   Бойындағы өнерді  дамытуға еңбек етіп келеді. Қайсар жанның қайратты мінезіне таңғалатындар да жетерлік. Жас жігіттің арманы асқақ. Ол әнші болуды армандайды. Оған бұл өнер ата-анасы арқылы дарыған екен.

Талантты жігіт ауылдық, аудандық іс-шараларға да белсене  қатысады. Жәнібек Сыздықов секілді алдыңғы буын ағаларының қолдауымен  түрлі сайыстар мен байқауларға да қатысып, бағын сынап жүр.  Жақында Астана қаласындағы оңалту орталығының ашылғанына 10 жыл толуына орай бас дәрігер Шолпан Бөлекбаеваның шақыртуымен барып, өз өнерін көрсетіп қайтты.

Кеш барысында Қуаныш түрлі бағыттағы әндерді орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Сара АДАЙБАЕВА. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қаңтар 2018 г. 639 0