Шаралар барысы талқыланды

Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция басқармасы облыстық Көлікті басқару инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында атқарылатын жұмыстар барысын талқылау мақсатында семинар-кеңес өткізді. 

Семинар кеңестің негізгі мақсаты - республикалық  маңызы бар тас жолдарында жолаушыларды және автомобиль көлігінің багажын тасымалдау қағидаларын бұзуды, заңсыз қайта жабдықталған автобустарды, автокөлік қозғалысының ықтимал жасырын бағыттарын анықтау, рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау болып табылады.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қаңтар 2018 г. 527 0