« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары ҚР кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы архив істері жөнінде 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделгенін атап өтті. Оның айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – құжаттамалық қамтамасыз етудің жаңа ақпараттық нысандарын өмірдің барлық салаларына ықпалдастыру мен электрондық құжат айналымына көшуге байланысты архив ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру. Министр қолданыстағы экономикалық және әкімшілік реформалар жағдайында архив ісін реттеудің мүлдем жаңа құралдары пайда болып, осының нәтижесінде қолданыстағы заңнаманың кейбір тұстары заманауи талаптарға сәйкес келмейтінін айтты. Сонымен бірге, мемлекеттік архив көрсететін қызметтің тізімін, атап айтқанда ақылы қызметті кеңейту жоспарланғанына тоқталды. Ақылы қызметтердің қатарына тақырыптық, генеалогиялық сұраулар, архив құжаттарының депозитарлық сақталуы жатады. «Өткен жылы «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Астанада сирек кітаптар мен қолжазбалардың Ұлттық орталығы ашылған болатын. Біз бұл тұрғыда Армениядағы ғылыми-зерттеу орталықтарының табысты тәжірибесін негізге алдық. Қысқа уақыттың ішінде Орталықта мемлекеттің тарихы мен мәдениетіне аса құнды тарихи кітаптар мен қолжазбалардың коллекциясы қалыптасып үлгерді. Зерттеушілер үшін көрме мен оқу залдары ашылды. Орталыққа отандастарымызбен бірге, шетелдіктердің (БАӘ, Иран, Франция, Польша, Швеция) де қызығушылықтары ерекше болды», - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |