Қармақшы. Ауданда соңғы 3 жыл қатарынан Алматы Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өткізіліп келеді.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 пән бойынша өтетін бұл олимпиада да өткен оқу жылында 2 оқушы ректор грантын иеленіп, студент атанған болатын. Осы үрдіс биыл да жалғасын тауып, жақында №30 мектептің базасында «Ыбырай Алтынсарин-2014» олимпиадасына Қармақшы, Жалағаш аудандарының 11 сынып оқушыларынан 106 үміткер қатысты. Педагогика ғылымдарының докторы Жұмақаева Береке Дәулетханқызы ұйымдастырған бұл олимпиадасының қорытындысымен биылғы жылы да ұстаздар үмітін ақтайтын талапкерлер аз болған жоқ.