Талайлы ақын «Жан шуағын» тарту етті

Талайлы ақын «Жан шуағын» тарту еттіҚармақшы. Өлең өлкесіне сонау 70 жылдардың басында келіп, бүгінгі күні бірнеше жыр жинақтарын шығарған ақын Талайлы Досымова көктемнің алғашқы күні - өзінің туған күнінде жыр кешін өткізді.
Асқаралы 60 жасқа толған ақынның «Жан шуағым» жеп аталатын жаңа жинағы да осы бүгін тұсауы кесіліп, оқырман жүрегіне жол тартты. Кеште құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Н. Шамұратов ақынның педагогика саласындағы, мәдениет саласындағы қызметін бағалай келіп, оның халыққа қызметіндегі барлық жетістіктерінде туған жерге, туған елге деген зор махаббаты көрінеді. Ол ақын шығармаларындағы кез келген өлеңнен байқалады – деп, «Алпысым» деген өлеңін мәнерлеп оқып берді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2014 г. 1 072 0