
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 169/5 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер тарихи фильмді тамашалады.
Сауықжай ғимаратындағы көрсетілімге сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің теологиялық оңалту тобының қызметкерлері мен облыстық халық шығармашылығын дамыту продюсерлік орталығының маманы С.Маханова қатысты.
Режиссер Рүстем Әбдірашев түсірген «Алмас қылыш» фильмі Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінен сыр шертеді. Тарихи туындыны азаматтар айрықша қызығушылықпен тамашалап, ерекше әсер алды.
Ж.ІЛИЯС,
ЗК-169/5 мекемесінің инспекторы,
әділет кіші лейтенанты.