Апостил қою мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
Апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.  Апостильденген құжат шет мемлекеттерге жолданатын құжаттар және жолдаушы мемлекеттің имиджінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
2018 жылдың 13 қаңтарында облыстардағы аумақтық органдарға апостиль қою құзыретін беру арқылы міндетін орталықсыздандыруды, сонымен бірге "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан арыз түскен кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 20 күннен 5 күнге қысқартуды көздейтін «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2017 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістер заңды күшіне енді. Мемлекеттік қызмет тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшілігі» РММ-сі «Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету  бойынша құжаттарды  қабылдауға  және  беруге  уәкілетті  орган.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып); апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат; егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген жағдайда нотариалдық куәландырылған сенімхаттың болуы; көрсетілетін қызметті алушы тегін, атын, әкесінің атын (болған  жағдайда) өзгерткен  жағдайда оны растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып); көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғаны үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек.

М.Жусупбекова,
қалалық№ 2 сотының
кеңсе меңгерушісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 қаңтар 2018 г. 607 0