Жаңа аумақтың инфрақұрылымы шешілмек

Жаңа аумақтың инфрақұрылымы шешілмекЖаңақорған. Аудан орталығының шығыс жақ беткейінен жаңадан орын теуіп жатқан Саяжай, Ипподром, ескі МАИ бекеті, Алтыкрант аумақтарындағы инфрақұрылым мәселелерін шешуге мән беріліп отыр.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті тұрғындарға 2244 жер телімі берілсе, қазірге дейін оның 1819-на тұрғын үй салынған. Алайда, бүгінге дейін аталған аумақтардың инфрақұрылымы әлі де толықтай өз шешімін таппаған. Тек кейбір көшелерге тас төселіп, электр бағаналары жүргізілген. Аталған проблемарды шешу мақсатында арнайы сметалық құжаттары жасалып, республикалық бюджеттен 418 млн 828 мың теңге көлемінде қаражат сұралған. Алдағы уақытта, осы қаражат бөлінген жағдайда бұл мәселелер кезең- кезеңімен өз шешімін табатын болады деп күтілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 наурыз 2014 г. 739 0