| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
20-21 қаңтар күндері «Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисті, қаржы саласының құрметті ардагеріКамал Шөкеновті еске алуға арналған шағын-футболдан облыстық турнир өтті. Биыл жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа қаржы мекемелерінен 9 команда қатысып, бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Жарыс нәтижесінде Ұлттық банк Қызылорда филиалының командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерін 6:1 есебімен ұтты. Үшінші орынды қаржы және экономика басқармаларының құрама командасы алса, төртінші орынды Жалағаш ауданының құрама командасы қанағат тұтты.
«Үздік қақпашы» - Бауыржан Сапаров (Қаржы және экономика басқармалары), «Үздік қорғаушы» - Ғабит Ербол (Жалағаш ауданы), «Үздік шабуылшы» - Төлеу Серікбаев (Мемлекеттік кірістер департаменті), «Үздік бомбардир» - Кеңес Маханбетов (Ұлттық банк), «Үздік ойыншы» - Дінислам Асылбекұлы (Ұлттық банк) марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларға кубок, диплом, ақшалай сыйақы берілсе, номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарысты ұйымдастырушылар: Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және Шөкеновтер отбасы.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |